Бронды кеудешені сынақтан өткізген шақта Израиль журналисі жараланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Израильде журналист Эйтам Лаховер хабар дайындау барысында жеке өзі бронды кеудешенің пышақ соққысынан қалай қорғайтындығын тексермек болған.

Бронды кеудешені сынақтан өткізген шақта Израиль журналисі жараланды

Бұл кеудешені шығаратын компания өкілі көрсетілім кезінде пышақпен бірнеше рет ұрған. Соққының бірі кеудешені тесіп өтіп, журналисті жарақаттады.

Репортер ауруханаға жеткізіліп, пышақ кескен жер тігілген. Денемен ол ауруханаға жатудан бас тартты, деп хабарлайды Би-би-си.