Броневикті инкассаторларымен қоса ұрлап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу маңындағы Пушкин ауданында баукеспелер брондалған автомобильді инкассаторларымен қоса ұрлап, бірнеше шақырым жерге апарған да, броневиктен 9 млн рублді жымқырып кеткен.

Броневикті инкассаторларымен қоса  ұрлап кетті

Бұл туралы аймақ полициясының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Мәскеу уақытымен 11.10-да бетін тұмшалаған, қолдарында қаруы бар белгісіз екеу Черкизово кентінде инкассаторлардың броневигін тоқтатқан. Соңынан көлікті Мамонтово кентіне апарып, 9 млн рубль салынған қапшықты алған да, іздерін суытқан. Инкассаторлар зардап шекпеген.