Бронхиттен коронавирусты қалай ажыратуға болады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - №11 қалалық емханасының жалпы тәжірибелі дәрігерлер бөлімшесінің меңгерушісі Ардақ Молдаханова ҚазАқпарат тілшісіне бронхиттен коронавирусты қалай ажыратуға болатынын айтты.
Дәрігердің айтуынша, коронавирусқа шалдыққан адамдарда иіс сезудің бұзылуы немесе толық жоғалуы жиі кездеседі. Сонымен қатар, дене қызуы 37-38 градусқа дейін көтеріледі.
Спикер бронхиттен коронавирусты қалай ажыратуға болатынын тілге тиек етті.
«Жедел бронхитта қақырық бөлінуі мүмкін «кеуде» жөтелімен ерекшеленеді. Суық тиюге тән жалпы белгілер болуы мүмкін: қызба, әлсіздік, мазасыздық, тәбеттің төмендеуі және интоксикацияның басқа белгілері. Әдетте, жедел бронхиттің ұзақтығы екі-үш аптадан аспайды», – деді Ардақ Молдаханова.
Дәрігер жедел бронхит бронхопневмония түріндегі асқынуды тудыруы мүмкін екенін түсіндірді, бұл өкпеге әсер ететін инфекциялық және қабыну үдерісі, қызба, құрғақ жөтел және жалпы әлсіздік тудырады.
Созылмалы бронхиттің бақыланбайтын прогрессиясы тұрақты жедел пневмонияға әкеледі және ақырында обструктивті өкпе ауруына айналады.
«Сонымен қатар, тыныс алу жолдарының шырышты қабаты ісініп, өкпе тіндері жартылай бұзылады. Сондай-ақ созылмалы бронхит өкпе гипертензиясының, жүрек-өкпе жеткіліксіздігінің, эмфиземаның, бронхоэктаздың, пневмонияның және басқа да бірқатар қауіпті аурулардың дамуына себеп болуы мүмкін», - деп қосты ол.