Бронислав Коморовский Польша президентінің қызметіне ресми түрде кірісті
АСТАНА. Тамыздың 6-сы. ҚазАқпарат - Польшаның сайланған президенті Бронислав Коморовский жұма күні ант қабылдап, ресми түрде мемлекет басшысының қызметіне кірісті, деп хабарлайды Утро.ру агенттігі.
Жергілікті журналистердің деректері бойынша, салтанатты ұлықтау рәсімі ортаеуропалық уақыт бойынша сағат 10.00-де Сейма отырыс залында басталған. Польша Конституциясына сәйкес, президент парламенттің екі палатасы, Сейм мен Сенаттың бірлескен отырысында ант қабылдады.
Естеріңізге сала кетейік, поляк көшбасшысы Лех Качиньский Польшаның мемлекет және қоғам қайраткерлері, әскерилер мен дипломаттары бар бір топ адамдарымен Смоленск түбінде сәуірдің 10-ы күні авиаапатына ұшырап, қаза болғаннан соң Польша президентінің мерзімінен бұрын сайлануы тағайындалған болатын.