Брук Головкинмен жекпе-жектен кейін: айқас дер кезінде тоқтатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәулік бұрын орта салмақ (72,6 келіге дейін) көшбасшысы Геннадий Головкиннен (36-0, 33 КО) жеңіліп қалған жартылай орта салмақтағы (66,7 келіге дейін) IBF тұжырым бойынша әлем чемпионы британдық Келл Брук (36-1, 25 КО) айқасты тоқтату туралы бапкері Доминик Инглдің орамал лақтыруын уақтылы жасалған дұрыс қадам деп санайды, Бұл туралы Sports.kz. жазды.
Еске салсақ, Головкин Брукты 5 раундта соққының астына алғанда, британдықтың бапкері жарысты тоқтатуын талап етті.
«Екінші раундтан кейін бапкеріме: «Доминик, оң көзім көрмей қалды» дедім, - деді британдық Sky Sports берген сұхбатында. - ол мені бала кезімнен біледі, әкем сияқты десем де болады. Мен соққының астында қалдым... тоқтатқаны дұрыс шешім болды, әйтпегенде арты жақсы болмас еді... келешекте тағы кездесеміз деген үміттемін».
«Жеңілгеніме ренжіп тұрғанымды жасырмағаныммен, жанкүйерлеріме мықты боксшыға қарсы тартысты ойын көрсеткенім үшін өзімді бақытты сезінемін. Осыдан кейін бірден жоғары деңгейдегі айқасқа ораламын деп ойлаймын. Тәуекелді айқаста бағымды сынап көрдім, енді бетімнен таймаймын», - деді Келл.