Брук Головкиннен жеңілген соң жартылай орта салмаққа қайта оралуға бел буды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық боксшы Келл Брук (36-1, 25 КО) 2014 жылдан бастап IBF нұсқасы бойынша жартылай орта салмақта чемпион титулына ие.
Кейінгі кездері британдықтың бірінші орта салмаққа көшуі мүмкін деген болжам жиі айтылып жүр. Бірақ Бруктың өзі IBF нұсқасы бойынша өз титулын қолдан бергісі жоқ.
«Мен кеше Эддимен (Хирн, Бруктың промоутері) кездесіп, оған өз титулымды беруге дайын емес екендігімді айттым. Бірінші орта салмақта менің мүмкіндіктерім бар және осы салмақ маған лайықты да сияқты. Бірақ та мен өз күшіммен тер төгіп алған титулымды оңайлықпен қолдан бермеймін», - деген Бруктың сөзін келтіреді BoxingScene.
Естеріңізге салайық, қыркүйекте Брук орта салмақтағы Геннадий Головкиннен техникалық нокаутпен жеңілген болатын.