Бруней Сұлтаны Н.Назарбаевты ҚР Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бруней Даруссалам Мемлекетінің Сұлтаны Хассанал Болкиах Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Бруней Сұлтаны Н.Назарбаевты ҚР Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады

Х.Болкиах Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, жұмысына табыс тіледі.

Бруней Сұлтаны екі елдің игілігі үшін ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделілік танытты.