11:58, 06 Сәуір 2012 | GMT +5
Брусиловский көшесінің Иманов көшесінен Тархан көшесіне дейінгі бөлігінде қозғалысқа толық шектеу қойылды - Астана қаласының ІІД
АСТАНА. 6 сәуір. ҚазАқпарат - Астанада бүгіннен бастап жөндеу жұмыстарына, сондай-ақ инженерлік желілерді ауыстыруға байланысты Брусиловский көшесінің Иманов көшесінен Тархан көшесіне дейінгі бөлігінде қозғалысқа толық шектеу қойылады.

Елордалық ІІД-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қозғалыс арнайы көліктер үшін рұқсат етіледі.
Астана қаласы ІІД-нің жол полициясы басқармасы барлық жүргізушілерден өте мұқият болуын, қозғалыстың баламалы бағдарларын алдын ала таңдауларын сұрады.