Брюс Уиллис төртінші рет әке атанбақшы
АСТАНА. 27 қазан. ҚазАқпарат - Американың атыс-шабыс киносының жұлдызы Брюс Уиллис тағы да әке болуға дайындалуда, деп жазды bnews.kz сайты.
Белгілі болғанындай, 33 жасар актриса және мальталық сәнқой Эмма Хеминг Уиллис келесі жылдың басында Брюстен сәбилі болуды күтіп жүр, деп хабарлайды Newsru.com.
«Брюс пен Эмманың бақыттан жүздері нұрлануда. Олар отбасыларына сәби келу қуанышын асыға күтуде», - деп хабарлады екеуінің баспасөз хатшысы Саманта Маст.
Бұған дейін Брюс Уиллисте бірінші әйелі, актриса Деми Мурдан үш қызы бар. Олар - 23 жасар Румер Гленн, 20 жасар Скаут Ляру және 17 жасар Таллула Бэлль.