Брюс Уиллистің отбасы актердің ақыл кемістігіне шалдыққанын мәлімдеді

ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Брюс Уиллистің отбасының хабарлауынша, актер ақыл кемдігінің кең тараған түрлерінің бірі - маңдай деменциясына шалдыққан, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі BBC News-ке сілтеме жасап.

Брюс Уиллистің отбасы актердің ақыл кемістігіне шалдыққанын мәлімдеді

Мәлімдемеде 67 жастағы азаматқа былтыр көктемде сөйлеу кезінде қиындық тудыратын афазия диагнозы қойылғаны, бірақ сол ауру асқынып кеткені айтылған.

Брюс Уиллис 1980-90 жылдары «Берік жаңғақ», «Алтыншы сезім», «Армагеддон» сынды фильмдерден кейін танымал тұлғаға айналды. Актер 5 рет номинант атанған «Алтын глобус» премиясын алды, сондай екі рет «Эмми» сыйлығымен марапатталды.

Бірақ былтыр афазия дерті оның когнитивті қабілетіне әсер етіп жатқандықтан отбасы актер кәсіби қызметінен бас тартатынын мәлімдеді.

Әлеуметтік желідегі мәлімдемеге Брюс Уиллистің отбасы, оның ішінде екі қызы бар әйелі Эмма Хеминг және үш қызы мен бұрынғы әйелі Деми Мур қол қойған.

Маңдай деменциясы науқастың әрекеті мен сөзіне іркіліс алып келетін аурудың «ерекше» түрі. Белгілерінің бірі – қозғалыстың баяу әрі еріксіз болуы. Қазіргі уақытта бұл аурудың емі жоқ.

Фото: GETTY IMAGES