Брюссель әуежайындағы жарылыстар салдарынан 17 адам қаза тапты

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Брюссель әуежайында екі жарылыс болды. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, 17 адам қаза тапты, 20-дан астамы жарақаттанды. Бұл туралы бельгиялық RTBF телерадиокомпаниясынан хабарланды.

Брюссель әуежайындағы жарылыстар салдарынан 17 адам қаза тапты

Жергілікті уақытпен таңғы сағат 8.00 -де ұшу залында жарылыс орын алды. Жарылыс салдарынан шатырдың бір бөлігі құлап, терминал ғимаратында шынылар сынды. Рейстер ұшырылмайтын болды. Әуежайға апаратын темір жолдар жабылды.

Бұл лаңкестік болуы мүмкін. Бельгияның премьер-министрі Шарль Мишель Ұлттық қауіпсіздік кеңесін шақырды.

Әуе рейстері Льеж және Шарлеруа әуежайларына жіберілді.