Брюссельде алғашқы шоколад жәрмеңкесін 30 мыңға жуық адам тамашалады

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Брюссельде алғашқы шоколад жәрмеңкесін тамашалауға үш күнде 29 316 адам келген, деп хабарлады іс-шара ұйымдастырушылары.

Брюссельде алғашқы шоколад жәрмеңкесін 30 мыңға жуық адам тамашалады

Алғашқы жәрмеңке Бельгия астанасында 7-9 ақпан күндері өтті. Үш күн ішінде алаңы 4 мың шаршы метр кешенде шоколад саласындағы тың үдерістер көрсетілді. Көп бөлігі Бельгияда өндірілген 90-ға жуық түрлі шоколад брендтері ұсынылды. Арасында Бельгияның Премьер-Министрі Элто Ди Рупо, бельгиялық министрлер, белгілі саясаткерлер, әртістер, мәдениет қайраткерлері, дипломаттар бар мыңдаған келушілер шоколад мерекесін тойлауға, ұлы еуропалық шоколад шеберлерінің жаңа өнімдерінен дәм татуға келді. Бельгия әлемдегі шоколад өндіруші елдердің үздік бестігіне кіреді. Оның аумағында шоколад шығаратын 450 кәсіпорын жұмыс істейді. Сондай-ақ жылына Бельгияның әр тұрғыны 10 келі кәмпит тұтынады екен, бұл көрсеткіш бойынша әлемде Шейцариядан кейін екінші ел болып табылады.