Брюссельде Ауғанстандағы НАТО-ның жаңа миссиясын жоспарлаудың бірінші кезеңі мақұлданады

НАТО-ның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл миссия ауғандық ұлттық қауіпсіздік күштерін оқытуды, консультациялар беруді және көмек көрсетуді көздейді. Қорғаныс ведомстволарының басшылары бұл миссияның негізін бекітеді, ол жоспарлау үдерісімен айналысатын әскери сарапшылар үшін басшылыққа алуға қызмет етеді. НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен өз алдына альянстың жаңа миссиясын жедел жоспарлауды 2013 жылдың соңына дейін аяқтау міндетін қойды.
«Біздің стратегиямыз - ауған халқының қуатты қарулы күштерін құрып, біртіндеп оған елдің қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті беру», - деді А.Расмуссен Брюссельдегі министрлер кездесуінің алдында.
Оның айтуынша, елден әскерді алып шығу кестесі өзгеріссіз қалады, 2014 жылдың соңына дейін НАТО-ның Ауғанстандағы ағымдағы операциясын аяқтау жоспарланған. 2015 жылдан Солтүстікатлантикалық альянстың басшылығы ауған қарулы күштерін үйретуге және оларға көмек көрсетуге бағытталған жаңа миссияны бастауды көздеп отыр.