Брюссельде «Автокөліксіз күн» акциясы өтті

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Бельгия астанасы осымен 13-рет «Автокөліксіз күн» экологиялық акциясын атап өтуде.

Брюссельде «Автокөліксіз күн» акциясы өтті

Бүгін таңғы 9-дан кешкі 18-ге дейін қалаға кіретін барлық жолдар жабылды. Жол бойында қозғалыс рұқсаты тек коғамдық көліктерге, таксиге, халықаралық автобустарға, арнайы қызмет орындарына және алдын ала өкілетті органнан рұқсат алғандарға ғана берілген. Алайда, қоғамдық көліктер жолақы алмайды - тегін. Ал ел астанасына көлікпен келген қонақтарға арнайы автотұрақ сайланған. Қаланың шетіне көлігін қалдырады да қала ішіне қоғамдық көлік арқылы жете алады.

Айта кетейік, «Автокөліксіз күн» акциясы жыл сайын әлемнің көптеген елдерінде қыркүйектің екінші жартысында аталып өтіледі. Оның мақсаты - адамдарға жаяу және велосипедпен жүру мәдениетін дәріптеу.