Брюссельде әйел адам автобус жолаушыларын пышақтап тастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Брюссельдің Уккель коммунасында автобустың екі жолушысын белгісіз әйел пышақтап тастады, деп хабарлады ВВС агенттігі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.
Жергілікті өзге де БАҚ-тың хабарлауынша, пышақ ұстаған әйел 3 адамды жаралаған. Автобустан шығып, жасырынбақ болған ол сауда үйінде тағы бір адамға пышақ салған.
Оқиға орнына келіп жеткен полиция қылмыскерді атып, жаралады.
Полицейлердің айтуынша, бұл қылмыстық оқиғаның саяси, не террорлық актіге қатысы жоқ. Адамдарды пышақтаған әйел жүйке ауруына ұшыраған.
Іс жергілікті прокуратураға тапсырылған.