Брюссельде Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан кеңестік және бельгиялық жауынгерлер еске алынды
Бельгияны азат ету кезінде қаза тапқан кеңес әскерлері мен Қарсыласу қозғалысына қатысқан бельгиялық азаматтардың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды.
Қазақстан тарапынан еліміздің Бельгия мен Люксембургтағы Елшісі, Еуроодақ пен НАТО жанындағы миссиялардың жетекшісі Ерік Өтембаев, сондай-ақ Қазақстанның Қорғаныс министрлігінің НАТО штаб-пәтері жанындағы әскери өкілдері гүл шоқтарын қойды.
Е.Өтембаев өз сөзінде атап көрсеткендей, бүгін бүкіл дипломатиялық корпус кеңес әскерлерін еске алып, ескерткіштерге гүл шоқтарын қойды. Кеңес халқының Жеңіске қосқан үлесін жоғары бағалап отырған Бельгия үкіметінің аталмыш шараға белсенді атсалысып отырғанына куә болдық,- деді дипломат өз сөзінде.