Брюссельде еліміздің ДСҰ-ға енуі бойынша келіссөздер жалғасуда
АСТАНА. Қазанның 25-і. ҚазАқпарат - Қазанның 25-26-сы күндері Брюссельде (Бельгия Корольдігі) Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанованың басшылығымен Қазақстанның ДСҰ-ға енуі аясында Еуроодақпен тауарлар мен қызметтер рыногына қол жеткізу жөніндегі екіжақты келіссөздер өткізіледі.
Бұл ақпаратты аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратып отыр.
Министрліктің хабарлауынша, қазанның 26-30-ы күндері Женева қаласында (Швейцария Конфедерациясы) АҚШ және Эль-Сальвадор Республикасымен екіжақты келіссөздер жалғасын табады.
Сондай-ақ Эквадор Республикасымен тауарлар мен қызметтер рыногына қол жеткізу жөніндегі екіжақты келіссөздерді аяқтау туралы хаттамаға қол қою жоспарлануда.