Брюссельде ер адам марафон кезінде қаза тапты

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Брюссельде 20 шақырымдық марафон кезінде оған қатысқандардың бірі қаза тапты, деп хабарлады жергілікті БАҚ.

Брюссельде ер адам  марафон кезінде қаза тапты

Қайғылы оқиға жексенбі күні 18 мамырда орын алған. 28 жастағы ер адам жүгіру кезінде жүрек талмасы салдарынан ажал құшты. Осыдан кейін марафон ұйымдастырушылары болашақта қатысушыларды алдын-ала медициналық тексерістен өткізу шараларын қолданатынын айтты.

Биыл брюссельдік 20 шақырымдық марафон 35 жылдығын тойлаған. Оған 44 мыңнан астам адам қатысты.

Бұдан бұрын ҚазАқпарат хабарлағандай, Бельгия Королі Филипп те бұл шараға қатысты. Ол 91-нөмірмен жүгіріп, 20 шақырымды 1 сағат 58 минутта еңсерді.