Брюссельде Еуроодақ саммиті өтеді

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Бүгін Брюссельде Еуроодақ мемлекеттері мен үкіметтері басшыларының екікүндік саммиті басталады.

Брюссельде Еуроодақ саммиті өтеді

Бейсенбіде көшбасшылар көші-қон дағдарысын және Ұлыбританияның алдағы ЕО-ға мүшелігі жайында өтетін референдумына байланысты Еуроодақты реформалау бойынша ұсынысы талқыланады.

Келесі күні экономикалық, валюталық одақ, бірыңғай нарықтың жұмыс істеуі, терроризммен күрес, энергетикалық саясат мәселелері көтеріліп, Сирия айналасындағы жағдай қаралады.