Брюссельде Еуроодақтың әлеуметтік-экономикалық саясатына қарсы қалың бұқара қатысқан акция өтті
ССЕЛЬ. 25 наурыз. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Кеше еуропалық астана Брюссель қаласында «Басқа Еуропа» ұранымен Еуроодақтың әлеуметтік-экономикалық саясатына қарсы қалың бұқара қатысқан іс-шара болды.
Еуроодаққа мүше 27 елдің Мемлекет және Үкімет басшыларының кезекті Саммиті өтіп жатқан кезде Бельгияның Жалпықоғамдық жұмысшылар федерациясы ұйымдастырған акция Брюссель көшелерінде 15 мың адамның басын қосты, олар жалақылардың автоматты түрде есепке алуын жақтап, зейнеткерлік жастың артуына қарсылық танытты. Сонымен қатар Еуропалық кәсіподақтар федерациясы да еуроодақ билігін әлеуметтік қажеттіліктерге бөлінетін бюджеттік шығындар экономикасынан тартынуға шақырды.
Оқиға куәгерлерінің сөзіне құлақ салсақ, наразылық танытушы бір топ адам ЕО штаб-пәтері орналасқан Брюссельдің «еуропалық ауданына» баса кіруге тырысқан, ал сол уақытта Еуроодақ Саммитті басталып жатқан еді. Алайда полиция су шашатын құрылғылар қолдану арқылы шеруге шығушыларды ЕО Саммитіне жеткізбей, тоқтатты.