Брюссельде Иран ядролық бағдарламасы бойынша «Е3/EU + 3» өкілдерінің кездесуі өтеді

БРЮССЕЛЬ. 12 шілде. ҚазАқпарат - Брюссельде 16 шілде күні Иран ядролық бағдарламасы бойынша «Е3/EU + 3» халықаралық келісушілерінің жоғары лауазымдағы өкілдерінің кездесуі өтеді.
None
None

Бұл туралы тілшілерге ЕО сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты бойынша жоғарғы өкілі Кэтрин Эштонның баспасөз қызметкері Майкл Манн мәлімдеді.

«АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция және Германия өкілдері ирандық құжаттама бойынша ілгерілеуге қалай қол жеткізуге болатынын талқылайды. Біз аталмыш келіссөздерде нақты ілгерілеушілікке қол жеткізуді мақсат тұтып отырмыз», - деді М.Манн.

Еске сала кетейік, Иранның халықаралық келісушілермен келіссөздерінің соңғы кезеңі Алматыда сәуір айында өткен болатын. Қазақстан келіссөздердің табысты өтуіне оң жағдай жасауға барлық күш-жігерін жұмсайды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум