Брюссельде лаңкестік әрекеттердің салдарынан 31 адам қаза тауып, 250 адам жарақаттанған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Брюссель қаласында болған лаңкестік әрекеттердің салдарынан 31 адам қаза тауып, тағы 250 адам түрлі дәрежедегі жарақаттар алған, деп хабарлады сәрсенбі күні РИА Новости агенттігіне дағдарыс орталығынан.

Брюссельде лаңкестік әрекеттердің салдарынан 31 адам қаза тауып, 250 адам жарақаттанған

Сейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 08:00 шамасында Брюссель қаласының халықаралық әуежайында қатарынан екі жарылыс болды. Ел билігі жарылғыш заттардың бірін жанкешті лаңкес іске қосты деп шамалап отыр. Үшінші жарылыс Мальбек стансасындағы метро вагонында болды. Бельгия премьері жарылыстарды лаңкестік әрекеттер деп атады. Қастандықты «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобы мойнына алды.