Брюссельде лаңкестік оқиғасы болған стансада екі адам ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Брюссельдің Солтүстік вокзалы маңынан полиция екі адамды ұстады, деп жазады Daily Mail газеті.

Брюссельде лаңкестік оқиғасы болған стансада екі адам ұсталды

Басылымның хабарлауынша, күдіктілерді ұстау таңертең жарылыс болған Мальбек стансасынан 1,5 шақырым жерде жүргізілген.

Еске сала кетсек, Брюссель әуежайында екі жарылыс болды.  Алдын ала мәліметтерге қарағанда, 34 адам қаза тапты, 150-ден астамы жарақаттанды.