08:31, 12 Ақпан 2009 | GMT +5
Брюссельде наурызда Еуроодақтың бейресми саммиті өтеді
БРЮССЕЛЬ. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - Наурыздың 1-інде Брюссельде жоғары деңгейде бейресми саммит өтеді.

Еурокомиссия төрағасы Жозе Мануэль Боррозумен болған кездесуден кейін бұл туралы Еуроодаққа төрағалық етуші Чехияның премьер-министрі Мирек Топаланек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Өткелі отырған басқосу Еуроодақ елдерінің қаржы дағдарысының салдарымен бірлесіп күресу іс-қимылдарын талдауға бағытталады.