Брюссельде терактқа дайындалды деген күдікпен сегіз адам ұсталды
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Бельгия полициясы Брюссельде террористік актқа дайындалды деген күдікпен сегіз адамды ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Брюссельдің Моленбек коммунасында жексенбі күні тінту өткізілген. Ұсталғандар лаңкестік шабуыл жасауға дайындалды деген күдікке ілікті.
Сот оларға бұлтартпау шарасын қолдану туралы шешім шығаруы тиіс.
Тінту барысында қару-жарақ немесе жарылғыш зат табылмаған. Тергеп-тексеру шаралары ұстау фактісінің Париж және Брюссельде 2015-2016 жылдары болған терактілерге қатысы жоқ екенін растап отыр.
Фото: iz.ru