Брюссельдегі Грекия консулдығында төтенше оқиға болды

БРЮССЕЛЬ. 27 қаңтар. ҚазАқпарат - "Сәрсенбі, 26 қаңтар күні Брюссельдегі Грекия консулдығында төтенше оқиға болды. Полицияға консулдықтың бөлмелерінің бірінде күдікті түйіншектің табылғаны туралы дабыл түскеннен кейін мекеменің барлық қызметкерлері қауіпсіз жерге жедел көшірілді", -

Брюссельдегі   Грекия консулдығында  төтенше  оқиға болды

деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі жергілікті «Контакт» радиостансасына сілтеме жасап.

Дерек көздің хабарлауынша, дабыл түсе салып оқиға орнына армия саперларының тобы жеткен, олар қазір консулдықтың іші-сыртын мұқият тексеруде.

Өткен жылдың желтоқсан айының ортасында Римдегі Грекия елшілігінде ішіне бомба салынған сәлемдеме-қорап табылған болатын. Осындай ішіне бомба салынған сәлемдеме-қораптар Римдегі Швейцария мен Чили елшіліктерінде жарылып, екі адам жараланған еді. Итальяндық анархистердің мәлімдеуінше, ішіне бомба салынған сәлемхаттарды тарату «Революциялық күрес» тобының мүшесі, былтыр наурыз айында Афиныда полициямен болған қақтығыста оққа ұшқан грек анархисі Ламброс Фундастың ісінің жалғасы.