Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Брюссельдегі теракт кезінде келтірілген залалды миллиард еуроға бағалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бельгияда 22 наурызда орын алған теракттерден келтірілген залалды есептеді. Экономикалық шығынды 935,2 млн еуроға немесе ұлттық ІЖӨ 0,1% бағалады, деп хабарлады НТВ.ru.

Брюссельдегі теракт кезінде келтірілген залалды миллиард еуроға бағалады

Бельгия экономика министрлігінің ақпаратынша, сауда айналымы ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында ең кемі 122,5 млн еуроға төмендеді.  Фландрияда 33 млн және  Валлонияда 20 млн еуроға азайды.

Сонымен қатар, мемлекеттегі салық жинау 760 млн еуроға қысқарды. Негізінен туристік компаниялар шығынға ұшырады. Сондай-ақ, қонақ үй, мейрамхана бизнесі және бұқаралық ойын-сауық шаралар саласы зардап шекті, деп жазды РИА Новости.

22 наурызда Брюссельде бірнеше лаңкестік оқиға орын алған болатын. Бұл күні «Завентем» халықаралық әуежайында және  «Мальбек» метро стансасында жарылыстар болды.  32 адам лаңкестер шабуылының құрбаны болды, ондаған адам жарақаттанды.