Брюссельдегі терактіге қатысы бар үшінші күдікті тұтқындалды

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Брюссельдегі лаңкестік оқиғаға қатысы бар үшінші күдікті - Наджим Лаашрауи тұтқындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның осы елдегі тілшісі Тимур Дюсекеев.

Брюссельдегі терактіге қатысы бар үшінші күдікті тұтқындалды

Айта кетейік, бұған дейін үшінші күдіктінің есімі жарияланған болатын. Ол 2015 жылғы 13 қарашада Парижде болған терактінің бомба жасаушысы Наджим Лаашрауи деген хабар таратылған. Енді ол Брюссельдегі лаңкестік оқиғаны ұйымдастырушыларға да жарылғыш зат дайындап берген болып шықты.