Брюссельдегі жарылыстан кейін Мәскеуде қауіпсіздік шаралары күшейтілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Брюссельде болған жарылыстарға байланысты Мәскеуде қауіпсіздік шаралары күшейтілді, деп хабарлады сәрсенбі күні Мәскеу қалалық думасында сөз сөйлеген РФ ІІМ-нің Мәскеу қаласы бойынша МБ-ның басшысы Анатолий Якунин.

Брюссельдегі жарылыстан кейін Мәскеуде қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Оның айтуынша, Мәскеудің тәртіп сақшылары Сирияда ресейлік науқанның басталуынан кейін қолға алынған шараларды қолданып жатыр.

«2015 жылдың қыркүйегінде Сириядағы лаңкестік топпен күрес жүргізудің белсенді фазасының басталуынан кейін Мәскеуде лаңкестік қауіп-қатердің деңгейі айтарлықтай өскен. Патрульдік жасақтар күшейтіліп, шетелдік азаматтардың орналасқан жерлері тексерілді. Кеше Бельгияда болған лаңкестік оқиғаларды есепке ала отырып, біз бұл жұмысты қайта жандандырдық», - деп жазады Якуниннің сөздерін Интерфакс.