Брюссельдегі жарылыстан зардап шеккендер саны 316 адамға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Брюссельдегі лаңкестік салдарынан соңғы мәліметтер бойынша 32 адам қаза тауып, 316-сы жараланған. Оның ішінде 121 адам әлі ауруханада жатыр, деп хабарлады «РИА Новости» агенттігі Бельгия Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Брюссельдегі жарылыстан зардап шеккендер саны  316 адамға жетті

Еске сала кетсек , 22 наурыз күні Брюссельдің «Завентем» әуежайында екі жарылыс болды. Бұдан бір сағаттан кейін қала орталығындағы «Маэльбек» метро стансасындағы вагонда тағы бір жарылыс жасалды.

Оқиға салдарынан 32 адам көз жұмған. Брюссельдегі жарылыстардың жауапкершілігін «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобы мойнына алды.
Фото: Ирина Калашникова