Брюссельде 500 мыңнан астам гүлден тұратын кілем төселді
АСТАНА.KAZINFORM - Бельгия астанасының бас алаңы Гранд-Пласта дәстүрлі «гүл кілемін жаю» аяқталды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Брюссельдегі тілшісі.
Кілем 1680 шаршы метр аумақты алып жатыр (70-те 24 метр) және георгин гүлдерінен жасалған.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, 500 мыңнан астам гүл пайдаланылған.
Биылғы іс-шара 13-16 тамыз аралығында өтеді және Бельгия мен Жапония арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 160 жылдығына арналған.
Сондықтан, «2026 жылғы кілемінің» дизайны Кацусики Хокусаяның «Канагавадағы ұлы толқын» картинасының заманауи интерпретациясы түрінде жасалды. Жобаны жапон суретшісі Хиро Сугияма және оның ұжымы жасаған.
Кілемді шамамен 120 ерікті төседі. Енді көрмені алаңнан тегін тамашалауға болады. Гүл кілемін биіңтен көру үшін қала әкімшілігінің балконы ашық.
Брюссель гүл кілемі 1971 жылдан бері екі жыл сайын өткізіліп келеді. Бұл Еуропадағы ең танымал шаралардың бірі. Гранд-Плас ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілген.
Бұған дейін Өзбекстандағы гүл фестивалі Гиннестің рекордтар кітабына енгенін хабарлаған едік.