Брюсселде бір топ адам полициямен қақтығысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Брюсселде бір топ адам полиция участігіне шабуыл жасады. Олар полицейлердің машиналарына тас лақтырып, жаппай тәртіпсіздікке барған, деп жазады RTBF агенттігі.

Брюсселде бір топ адам полициямен қақтығысты

Басылымның хабарлауына қарағанда, қала полициясы федеральдық күштерді қолдау көрсету үшін өтініш жасаған. Бірнеше көшелер, метро станциялары жабылды.

Оқиғаның неден басталғандығы белгісіз, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.