Брюссельде Еуропалық Одақ саммиті өтіп жатыр
Бельгия астанасында Еуропалық Одаққа мүше 27 елдің мемлекет және үкімет басшылары бас қосып, ішкі және сыртқы саясаттың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Kazinform.

Бейсенбі күні Еуроодақ басшылары Украинаға, кеңею саясаты мен реформаларға қатысты жеке мәлімдеме қабылдады. Құжатта Еуроодақ Украина мен Молдованың ЕО-ға қосылуы бойынша келіссөздерді бастап жатқаны атап өтілген. Грузия үшін ЕО-ға қосылуға үміткер ел мәртебесін берді.
Бұдан басқа, ЕО Босния және Герцеговинаның қосылу туралы келіссөздерді «мүшелік критерийлеріне сәйкестік қажетті дәрежесіне қол жеткен кезде» бастайды.
Еуропалық Одақ сонымен қатар Балқан мемлекетінің Кеңестің 2022 жылғы 18 шілдедегі қорытындысында айтылған конституциялық өзгерістерді аяқтау жөніндегі міндеттемелерін орындағаннан кейін Солтүстік Македониямен қосылу туралы келіссөздердің бастапқы кезеңін аяқтауға дайын.
Батыс Балқан елдерінің Еуроодаққа мүше болу перспективасына толық бейілділігі, Еуропалық кеңестің олардың қосылу үдерісін жеделдетуге шақыратыны атап өтілді.
Бүгін ЕО мүшелері Таяу Шығыстағы жағдай, қауіпсіздік және Еуроодақтың қорғаныс қабілетін арттыру мәселелерін талқылайды.