Брюссельде климаттың өзгеруіне қатысты акцияға 20 мыңға жуық адам қатысты
Брюссельде Солтүстік вокзал аумағында 20 мыңға жуық адам қатысқан шеру басталды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Шерушілер билікті климаттың өзгеруіне қарсы белсенді әрекет етуге шақырды. Митинг Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында болған БҰҰ-ның 28-ші климаттық конференциясы аясында өтіп жатыр.
Бұрынғы демонстрациялар сияқты бұл іс-шараны жүзге жуық ҮЕҰ, кәсіподақтар мен азаматтық қозғалыстарды біріктіретін Климат коалициясы ұйымдастырады.
Өткен жылы ұйымдастырушылардың есебінше 30 мыңға жуық адам қатысқаны айтылса, полиция 25 мың адам барын мәлімдеген болатын.
«Бүгін акцияға 20 мыңға жуық адам қатысты», - деп хабарлады полиция.
Климаттық марш Еуропа астанасында түстен кейін қар жауған уақытта өтті.