Брюссельде Жаңа жылды тойлау үшін 100 мыңға жуық адам көшеге шықты
Бельгия астанасы полициясының мәліметінше, қала орталығында Жаңа жылды қарсы алуға шыққандар саны 100 мыңға жуық адам болған, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Жаңа жыл қарсаңында 122 адам әкімшілік қамауға және адам 20 сот қамауына алынды.
«Түн ортасы шамасында отшашуды тамашалауға 55 мың адам жиналды. Бұдан бөлек, Экспо орталығындағы музыкалық шоуға 30 мың адам келген», - деп қосты полициядан.
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінрің атап өтуінше, биыл Бельгияда жекеменшік отшашуларға тыйым салынды. Осыған қарамастан өрт сөндірушілердің айтуынша, пиротехникалық құралдардан үш адам зардап шеккен.