21:02, 14 Желтоқсан 2023 | GMT +5
Бішкекте аса ірі көлемде алаяқтық жасаған күдікті ұсталды

Милиция дерегі бойынша, 5 желтоқсанда Ш.Д. есімді азаматтан арыз түсті. Оның сөзінше, Т.Ж. есімді азамат биыл маусымда ортақ кәсіп ашамыз деп сеніміне кіріп, 78 мың доллар көлемінде ақшаны алып, жоқ болып кеткен.
Осы оқиғаға қатысты Тергеу қызметі ҚР ҚК 209-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғады.
Тергеу және жедел-іздеу амалдары барысында 2002 жылы туған Т.Ж. есімді азамат анықталып, ұсталғанын айта кетейік.
Күдікті Тергеу қызметіне жеткізіліп, ҚР ҚПК 96-бабына сәйкес тергеу изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта оның осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.