Бішкекте халықаралық футбол орталығын ашу жоспарланып отыр
БІШКЕК. KAZINFORM – Ыстықкөл облысында халықаралық оқу-жаттығу кешені салынады. Ол жергілікті спортшылар мен жаттықтырушылар үшін жаттығу алаңы ретінде қызмет етеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бішкектегі меншікті тілшісі.
Қырғызстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі Ұлттық агенттігінде Juventus Academy Kyrgyzstan жобасын іске асыру бойынша кеңес өтті.
Оның мәліметінше, Бішкекте балалар мен жасөспірімдерге арналған футбол орталығын салу жоспарланып отыр. Спорттық-білім беру кешеніне футбол алаңдары, жабық манеж және 250-400 оқушыға арналған мектеп кіреді. Орталық үшін ауданы 3-5 гектар жер учаскесін бөлу жоспарланған.
Аталған бастама аясында Ыстықкөл облысында жергілікті спортшылар мен жаттықтырушылар үшін оқу-жаттығу базасы мен жаттығу орталығы ретінде қызмет ететін халықаралық оқу-жаттығу кешені салынады.
Отырыста жер учаскесін таңдау, жобаны іске асыру тетіктері және мемлекеттік органдармен одан әрі өзара іс-қимылға қатысты мәселелер қарастырылды.
Еске сала кетсек, 2023 жылдың тамыз айында Жалал-Абадта ТМД-дағы алғашқы және испандық «Барселона» клубының 29-шы футбол академиясының салтанатты ашылуы өтті.
Осыған дейін Қырғызстан 2028 жылғы Азия кубогын өткізуге өтінім бергенін хабарладық.
Сондай-ақ Эвандер Холифилд Қырғызстанда бокс академиясын ашуды жоспарлап отырғанын жаздық.