Бішкекте Орталық Азия мемлекеттері сыртқы істер вице-министрлерінің XIII кездесуі өтіп жатыр

 Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы істер вице-министрлерінің кездесуі
Фото: kabar.kg

Қырғызстан астанасында Орталық Азия елдері СІМ басшылары орынбасарларының XIII дәстүрлі кездесуі басталды. Оны Орталық Азияға арналған алдын алу дипломатиясы бойынша БҰҰ Аймақтық орталығы мен Қырғыз Республикасының СІМ бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

Іс-шараға Орталық Азия елдері делегациялары, БҰҰ-ның Орталық Азия бойынша бас хатшысының өкілі Каха Имнадзе, БҰҰ бас хатшысының арнайы өкілі – Ауғанстанға көмек көрсету миссиясының басшысы Роза Отунбаева, Нью-Йорктегі БҰҰ хатшылығының жауапты өкілдері қатысып жатыр.

Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев өзінің сәлемдесу сөзінде қазір халықаралық қатынастарда әсері ұзаққа баратын, оның ішінде ОА өңірі үшін де маңызды оқиғалар болып жатқанын атап өтті.

Осыған байланысты Орталық Азия елдерінің бәрі болашағымыздың байланысын, үнемі саяси диалогқа келу, саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және қауіпсіздік салаларында серіктестікті дамыту маңызды екенін түсініп отыр.

ҚР СІМ басшысы ОА мемлекет басшыларының Консультативтік кездесу форматын мысал ретінде келтіріп, 2022 жылы төртінші отырысында достық, адал көршілестік және XXI ғасырда ОА-ны дамыту мақсатындағы серіктестік туралы Шолпан Ата келісіміне қол қойылғанын еске салды.

Қырғызстанның сыртқы саясат ведомствосының жетекшісі Орталық Азияға арналған алдын алу дипломатиясы бойынша БҰҰ Аймақтық орталығы бағдарламалық қызметіне қолдау білдіріп, оның басшысы К.Имнадзені ОА елдері арасындағы диалог пен сенімді нығайтуға, сонымен қатар мәселелердің шешімін тауып, туындауы мүмкін қауіп-қатерді болдырмас үшін жұмысты жандандыруға шақырды.

ҚР СІМ басшысы Ауғанстандағы жағдайға ерекше тоқталды. Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылықты орнату өңір қауіпсіздігі мен өркендеуінде маңызды рөлге ие екенін ескере отырып, Ж.Кулубаев ОА мемлекеттерін Ауғанстан бағытында ортақ әрекет мен үйлесімділікті нығайтуды ұсынды. Сонымен қатар ол БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек көрсету миссиясын қолдайтынын білдіріп, БҰҰ-ның Ауғанстан бойынша бас хатшылығының өкілі Роза Отунбаеваға алғыс айтты.

Соңғы жаңалықтар