Бішкекте ШЫҰ қорғаныс министрлерінің кеңесі басталды

БІШКЕК. KAZINFORM —  Бішкекте ШЫҰ елдері қорғаныс ведомстволарының басшылары батырларды еске алды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Бішкекте ШЫҰ қорғаныс министрлерінің кеңесі басталды
Фото: Кабар

Қырғызстанның астанасында Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдері қорғаныс министрлерінің кеңесі өтіп жатыр. Оған Беларусь, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының басшылары, одан өзге Иран Қорғаныс министрінің орынбасары және ШЫҰ Бас хатшысы қатысуда.

Бішкекте ШЫҰ қорғаныс министрлерінің кеңесі басталды
Фото: Кабар

Кеңес бағдарламасы шеңберінде олар Жеңіс алаңындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) — 2001 жылы «Шанхай бестігі» (1996–1997 жж.) негізінде аймақтық қауіпсіздікті нығайту мақсатында құрылған халықаралық ұйым.

Ұйым құрамына 10 мемлекет кіреді: Қырғызстан, Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Үндістан, Пәкістан, Иран және Беларусь.

Бақылаушы мемлекеттер: Ауғанстан және Моңғолия.

Диалог бойынша серіктестер: 15 мемлекет.

Айта кетейік, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы Ирандағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасаған болатын.

Соңғы жаңалықтар