Бішкекте төбелестің арты жаппай тәртіпсіздікке ұласты

БІШКЕК. KAZINFORM - Бішкекте 13 мамырда хостел қонақтары арасындағы төбелестен басталған шиеленісті жағдайдың соңы жаппай тәртіпсіздікке әкелді, деп хабарлайды 24.kg.

бішкек
Фото: видеодан алынған кадр

Свердлов аудандық ішкі істер басқармасының мәліметінше, Будённый көшесінде орналасқан көбінде шетелдіктер тұратын хостел маңында жаппай төбелес болған. Оған қатысқандар арасында үш шетелдік бар.

Шетелдіктер жергілікті тұрғындарды ұрып-соққан. 

Оларға Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 280-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қазір Бішкек полициясының изоляторында қамауда отыр.  

алаң
Фото: видеодан алынған кадр

Дегенмен 17 мамыр кешке қарай хостелдің жанына әлгі шетелдіктерден «кек алып, сазайын беруге» кей мәлімет бойынша 300-ге жуық жас жиналған. 

Тез арада әлгі үш шетелдік видео арқылы қырғыз халқынан кешірім сұрады. 

Қазір су атқышы бар ішкі әскерлер 7 сәуір-Шу көшелерінің қиылысында тұр. Олар 7 сәуір көшесін солтүстік бағытта қоршауға алған. 

Олардың оңтүстік тұсына сол сағаттың өзінде 1000-ға жуық адам жиналды.

Полиция тосқауыл қойып, тәртіпсіздіктің алдын алып жатыр.

Қоршауды бұзуға ұмтылғандарды ұстауда. Қазірге дейін 10 шақты адамды ұстап әкеткенін хабарлады 24.kg. 

Соңғы жаңалықтар