Бішкектегі қарттар үйінде өрт шығып, екі адам қаза тапты

БІШКЕК. KAZINFORM — Бішкек қаласының Первомай ауданында, Абай көшесінде орналасқан қарттар үйінде өрт шыққаны туралы алдын ала ақпарат түсті, деп жазды Кабар агенттігі.

Бішкектегі қарттар үйінде өрт шығып, екі адам қаза тапты
Фото: Кабар

Өртті ауыздықтауға 4 өрт сөндіру жасағы мен жедел штаб жұмылдырылған. Қазіргі уақытта өрт оқшауланған, толықтай сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Ғимараттан 15 адам эвакуацияланды, екі адам көз жұмды.

— Қосымша ақпарат кейінірек беріледі, — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Индонезияда қарттар үйіндегі өрттен 16 адам қаза тапқан болатын.

Ал сәуір айында Қытайда қарттар үйіндегі өрттен 20 адам мерт болды.

Соңғы жаңалықтар