Бішкектегі Кемел Тоқаев оқыған мектепке жазушының есімі берілетін болды

АСТАНА. KAZINFORM — Бішкектегі № 33 мектепке білім ошағының түлегі Кемел Тоқаевтың есімі берілетін болды. Бұл туралы Қырғыз республикасы Президентінің кеңесшісі Аслан Койчиев Facebook-тегі парақшасында жазды. 

Бішкектегі Кемел Тоқаев оқыған мектепке жазушының есімі берілетін болды
Фото: Facebook / @Koichiev Arslan

— Президент Садыр Жапаровтың бастамасымен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі Кемел Тоқаевтың есімі Бішкектегі мектеп-гимназияға берілді. Кемел Тоқаев — 1923 жылдың 2 қазанында Алматы облысының Қаратал ауданында туған. Қазақ жазушысы, қазақ прозасындағы детектив жанрының негізін қалаушы, — деп жазды ол. 

Бішкектегі Кемел Тоқаев оқыған мектепке жазушының есімі берілетін болды
Фото: Facebook / @Koichiev Arslan

Садыр Жапаровтың кеңесшісі Кемел Тоқаев пен аталған мектепті не байланыстыратынын былайша түсіндіреді: 

— Ұжымдастыру жылдарында және соның соңын ала келген ашаршылық кезеңінде Кемел Тоқаевтың отбасы туған отанын тастап, қоныс аударуға мәжбүр болған және бірнеше жыл сол Фрунзе қаласында (қазіргі Бішкек — ред.) тұрған. Кемел Тоқаев осы жерде отбасынан айырылды. Жетімдер үйінде тәрбие алды. Ұлы Отан соғысы жылдарында тағдыр оны екінші мәрте Қырғызстанға келтірді. Фрунзе қаласындағы жаяу әскер училищесінде (қазіргі № 33 мектеп-гимназия) білім алып, сол жерден майданға шақыртылды, — дейді Аслан Койчиев.

Сонымен қатар, ол Қазақстан Президенті әкесі оқыған мектепке автобус сыйлағанын еске салады.

Бішкектегі Кемел Тоқаев оқыған мектепке жазушының есімі берілетін болды
Фото: Facebook / @Koichiev Arslan

— Ол жауынгерлік ерлігі үшін «Совет Одағының Батыры» атағына ұсынылды. Бірақ қандайда бір себептермен ол атақ бұйырмады. Жуықта Қасмы-Жомарт Тоқаев № 33 мектеп-гимназияға автобус сыйлады. Бұл сыйлық соғыс қаһармандарына, әкесі оқыған мектепке құрмет белгісі ретінде табысталды. Сондай-ақ, осы мектептің үздік түлектеріне Алматыдағы Қ.Сәтбаев университетінен ақысыз оқу үшін үш орын берілетіні мәлім болып отыр, — дейді Қырғыз Республикасы Президентінің кеңесшісі.

Бұған дейін Кемел Тоқаевтың Бішкектегі ауыр балалық шағы туралы жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар