Бішкектегі ШЫҰ саммиті: төрағалық Пәкістанға өтті

АСТАНА.KAZINFORM - Бішкектегі ШЫҰ саммитінен кейін Шанхай ынтымақтастық ұйымының төрағалығын Пәкістанға беру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды агенттіктің меншікті тілшісі оқиға орнынан.

Саммит ШОС в Бишкеке: председательство перешло Пакистану
Фото: Гүлмира Абдрахманова/Kazinform

Қырғызстанның сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев бұл туралы жергілікті және халықаралық БАҚ-қа арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

-Бүгін ШЫҰ-ға төрағалық Пәкістан Ислам Республикасына өтеді. Біз пәкістандық әріптестерімізді құттықтаймыз және оларға сәтті әрі өнімді төрағалық тілейміз. Қырғыз Республикасы қажетті көмек көрсетуге, сабақтастықты қамтамасыз етуге және басқа мүше мемлекеттермен бірлесіп, Бішкекте қабылданған шешімдерді жүзеге асыруды жалғастыруға дайын, - деді министр.

ШЫҰ Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаев Пәкістан төрағалығының тақырыбы белгілегенін айтты: «Көзқарастан инновацияға: инновация мен өркендеуді байланыстыру».

-Пәкістан Ислам Республикасының Лахор қаласы 2026–2027 жылдарға арналған Шанхай ынтымақтастық ұйымының туризм және мәдени астанасы болып жарияланды. Пәкістан жақын арада өзінің төрағалық жоспарын ұсынады. Біз оның Қырғызстанның төрағалығымен бірдей жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз етеміз, - деді ол.

Саммитке Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Үндістан Республикасының Премьер-Министрі Нарендра Моди, Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкиан, Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-Министрі Шахбаз Шариф, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин және Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-шы отырысы 1 қыркүйекте Қырғызстан астанасында өтіп жатыр.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-шы отырысына және «ШЫҰ Плюс» отырысына қатысу үшін Бішкектегі «Ырыс Ордо» конгресс-холына барды.

Сондай-ақ, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында бірқатар құжатқа қойылды.