Бішкектегі ЖЭО апатынан зардап шеккендер емделу үшін Түркияға аттанды

АСТАНА. KAZINFORM - Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровтың тапсырмасымен 3 ақпанда Бішкек ЖЭО-да зардап шеккен екі адам, сондай-ақ тікұшақ апаты кезінде зардап шеккен екі әскери қызметкер одан әрі емделу үшін Түркиядағы мамандандырылған клиникалардың біріне жіберілді. Бұл туралы Кабар ақпарат агенттігі жазды. 

Түркияға ұшты
Фото: kabar.kg

Зардап шеккендермен бірге туыстары, сондай-ақ екі қырғыз дәрігері еріп барады. Олар президенттік ТУ-154 рейсімен ұшып кетті.

«Зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша барлық шара Қырғызстан Республикасы Президентінің жеке бақылауында болады. Емделуге баратын қызметкерлерді, олардың туыстарын және медицина қызметкерлерін Түркияға жеткізу үшін қаражат бөлінді», - делінген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар