Бішкектің аумағы үш есе ұлғаяды

Бішкек аумағы үш есеге жуық артады. Бұл туралы Бішкек қалалық кенеш сессиясында астана мэрі Айбек Джунушалиев мәлім етті. Kazinform бұл туралы 24.kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бішкек
Фото: Владислав Ногай/24.kg

«Кейінгі ұсыныс бойынша астана аумағы 12 900-ден 37,8 мың гектарға дейін кеңейеді», - деді ол.

Қала басшысының сөзінше, сегіз айыл окмот пен төрт ауылдық басқарманың кейбір ауылдары Бішкек қаласына қосылады.

Ол жақында президент жарлыққа қол қоятынын атап өтті.

Меланшон 2027 жылы Франциядағы президенттік сайлауға қатысатынын растады
Ұқсас жаңалықтар

Меланшон 2027 жылы Франциядағы президенттік сайлауға қатысатынын растады