«БТА Банк» АҚ директорлар кеңесінің бұрынғы мүшесі қамауға алынды - қаржы полициясы

АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - 2012 жылғы желтоқсанда ҚР Бас прокуратурасы «БТА Банк» АҚ-ның ақшалай қаражаттарын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істің 1770 том көлеміндегі материалдарын әрі қарай тергеу үшін Қаржы полициясы агенттігіне жіберген болатын.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде өткен брифингте аталмыш ведомствоның ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті.

«Агенттіктің жедел тергеу тобымен бұл қылмыстық істі тергеу барысында аталған қылмыстарды жасауға «БТА Банк» АҚ директорлар кеңесінің бұрынғы мүшесі Ерлан Тәтішевтің қатыстылығы анықталды. Ағымдағы жылғы 16 сәуірде Е. Тәтішев ұсталды және Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің уақытша ұстау абақтысына қамалды», - деп атап өтті М. Жұманбай.

Оның атап өтуінше, аталған қылмыстық іс тергелуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

Соңғы жаңалықтар