«БТА Банк» пен «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

АЛМАТЫ. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – «БТА Банк» АҚ мен «ҚазАгро» Ұлттық холдинг» АҚ 2009-2010 жылдарға арналған экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыру,
None
None
мемлекеттік бағдарлама аясында агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау мақсатында Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «БТА Банк» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл құжаттарға сәйкес тараптар көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландырудың тиімді жүйесін құру, сондай-ақ қазақстандық бидайды экспорттау инфрақұрылымын және дәнді дақылдар өндірісін дамыту бойынша күш біріктіруді жоспарлап отыр. Соның ішінде, «БТА Банк» және «ҚазАгро» ҰХ жобаларды қаржыландыру үшін еншілес компаниялар ? «Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы» АҚ және «Аграрлық несиелік корпорациясы» АҚ арқылы мемлекеттік қаржыны жаратуға келісті.
Соңғы жаңалықтар
Референдум