«БТА банк» пен «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» арасында Ынтымақтастық туралы меморандум жасалды

АЛМАТЫ. Наурыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда «БТА банк» пен «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ арасында Өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды,

«БТА банк» пен  «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» арасында  Ынтымақтастық туралы меморандум жасалды
деп хабарлайды ҚазАқпарат банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мемлекеттің экономиканы тұрақтандыруға бағытталған дағдарысқа қарсы бағдарламасын тиімді жүзеге асыру мақсатында жасалған бұл Меморандумға «БТА банкі» мен «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Басқарма төрағалары Әнуар Сәйденов пен Жанай Омаров қол қойды. Онда елдің қоғамдық өміріндегі өзекті мәселелерді айқындау мен халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруда күш біріктіру көзделіп отыр. Бұл құжатқа сәйкес тараптар «Қазақстан» ұлттық телеарнасы мен облыстық 14 телеарна және Қазақ радиосы, «Шалқар» радиосы, «Астана» радиосы арқылы кең ауқымды жобалар жасауға уағдаласты. «БТА банкі жүйе құраушы банк және экономиканы тұрақтандыру бойынша мемлекеттік бағдарламалардың негізгі операторы болғандықтан, еліміздің қоғамдық өміріне белсене араласады. «Қазақстан» корпорациясымен ынтымақтастығымыз ірі телеарнаның эфирі арқылы қазақстандықтардың республикадағы маңызды оқиғалармен хабардар болу деңгейін арттырады», - дейді Әнуар Сәйденов.