БТА банк пен Қазкоммерцбанк бірікпек
АЛМАТЫ. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Самұрық Қазына» қоры мен құрамында Қазкоммерцбанк пен Кеңес Рақышев енетін консорциум БТА банктің қорға тиесілі акциясын сату және сатып алу бойынша алдын ала келісімге келді. Келісім бойынша «БТА банк» АҚ-ның акциясын теңдей бөліспек.
Ал қор банк капиталына миноритарлық қатысуын сақтап қалуға мүдделі. Келісім құрылымы бойынша «БТА банк» АҚ-ның қызметін «Қазкоммерцбанк» АҚ-ы тарапын бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс. Консорциум банк акциясын иеленуді аяқтаған соң тараптар олардың тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз ету үшін Қазкоммерцбанк пен БТА банктің бірігуі процедурасын көтермек.