«БТА Банкі» АҚ сауданы қаржыландыру бойынша Қазақстандағы үздік банк атанды

АЛМАТЫ. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек / – «БТА Банкі» АҚ «Global Finance» халықаралық журналының бағалауы бойынша «Сауданы қаржыландыру бойынша Қазақстандағы үздік банк» атағына ие болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат «БТА банкі» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл марапат аталмыш журнал жүргізген «Сауданы қаржыландыруда қызмет көрсететін үздік банктер мен компаниялар» арнайы зерттеуі нәтижесінде көрсетілді. Зерттеу барысында басылым редакторлары талдаушылармен, корпоративтік басшылармен және технологиялық сарапшылармен бірлесіп, әлемнің 68 еліндегі сауданы қаржыландыру бойынша үздік компанияларды іріктеген. БТА Банкін Қазақстандағы үздік компания ретінде таңдауда транзакция көлемі, ғаламдық қарызды өтеуі, тұтынушыларға қызмет көрсетуі, бағаны белгілеуі мен инновациялық технологиялары бойынша көрсеткіштері назарға алынған.
Соңғы жаңалықтар